weather Астана: --°C
weather Алматы: --°C
weather Шымкент: --°C
.
Мәзір
Серіктестер
Бүгін / SportRoom / Бокс 12
Поделиться: WhatsApp Telegram Twitter Facebook

Айбек Оралбай Узбекистанды ұтып, Азиада-2026-ның 11-алтын медалін әкелді

Японияда өткен Азиада-2026 бокс турнирінің соңғы финалында қазақстандық Айбек Оралбай өзбекстандық Жахонгир Зокировты жеңіп, ел қоржынына 11-алтынды салды.

Айбек Оралбай Узбекистанды ұтып, Азиада-2026-ның 11-алтын медалін әкелді Айбек Оралбай Узбекистанды ұтып, Азиада-2026-ның 11-алтын медалін әкелді
Sports.kz

Японияда өткен Азиада-2026 бокс турнирінің шешуші финалында Қазақстан мен Өзбекстан өкілдері шаршы алаңға шықты. Суперауыр салмақтағы (90 келіден жоғары) алтын жүлде үшін өткен жекпе-жекте ұлттық құрама капитаны Айбек Оралбай Жахонгир Зокировты тізе бүктірді.

Бірінші раунд 3:2 есебімен Оралбайдың пайдасына аяқталды. Екінші раундта қазақстандық боксшының басымдығы айқын көрінді, ал үшінші раундтан кейін төрешілер жеңісті бірауыздан Айбек Оралбайға берді.

Осылайша, Айбек Оралбай 5:0 есебімен жеңіске жетіп, Азиада-2026-ның чемпионы атанды. Жахонгир Зокиров күміс медаль иеленді.

Айбек Оралбай — 2025 жылғы әлем чемпионы әрі Азияның үш дүркін чемпионы. Ал Жахонгир Зокиров 2025 жылғы әлем чемпионатының күміс жүлдегері.

Бұған дейін бүгін Қазақстан үшін бокста Торехан Сабырхан да 70 келіде алтын медаль жеңіп алған еді. Соның нәтижесінде Қазақстанның Азиада-2026 қоржынында 11 алтын, 20 күміс және 41 қола медаль бар.

.

Көп оқылды:

.
.