Қазақстан бокс құрамасының өкілі Алуа Балкибекова Жапонияның Айти мен Нагоя қалаларында өтіп жатқан Азиада-2026 турнирінде жартылай финалдық кездесуін өткізді.
Бұл кезеңде оның қарсыласы вьетнамдық Нгуен Тхи Там болды. Үш раундқа созылған жекпе-жекте төрешілер жеңісті Нгуенге берді — 5:0.
Осы нәтижеден кейін Нгуен Тхи Там финалға жолдама алды, ал Алуа Балкибекова Азиаданы қола медальмен аяқтады.
Балкибекова — 2025 жылғы әлем чемпионы, World Boxing және IBA нұсқалары бойынша жеңімпаз, сондай-ақ Азияның екі дүркін чемпионы. Ал Нгуен Тхи Там құрлықтық біріншіліктерде екі рет алтын алған, 2023 жылы әлем чемпионатының күміс жүлдегері атанған.