weather Астана: --°C
weather Алматы: --°C
weather Шымкент: --°C
.
Мәзір
Серіктестер
Бүгін, 00:00 / SportRoom / Бокс 5
Поделиться: WhatsApp Telegram Twitter Facebook

Владислава Кухта Еуропа чемпионатының финалында ресейлік боксшымен жұдырықтасады

Қазақстан құрамасының бұрынғы өкілі Владислава Кухта Софияда өтіп жатқан 2026 жылғы Еуропа чемпионатының финалына шықты. Ол шешуші жекпе-жекте Ресей боксшысы Людмила Воронцовамен кездеседі.

Владислава Кухта Еуропа чемпионатының финалында ресейлік боксшымен жұдырықтасады Владислава Кухта Еуропа чемпионатының финалында ресейлік боксшымен жұдырықтасады
Sports.kz

Қазақстан құрамасының бұрынғы мүшесі Владислава Кухта Софияда (Болгария) өтіп жатқан 2026 жылғы бокстан Еуропа чемпионатында финалға жолдама алды. Қазір ол Венгрия сапында өнер көрсетеді.

57 келіге дейінгі салмақтағы жартылай финалда Кухта атақты ирландиялық боксшы Микейла Уолшпен кездесіп, төрешілердің бөлек шешімімен 4:1 есебімен жеңіске жетті.

Енді ол финалда Ресей өкілі Людмила Воронцовамен жұдырықтасады. Воронцова жартылай финалда түркиялық Эсра Йылдыз Кахраманды 3:2 есебімен жеңді. Ал алтын медаль үшін айқас ертең өтеді.

Кухта Қазақстан құрамасы сапында екі рет ел чемпионы атанып, 2021 жылы Дубайда өткен Азия чемпионатында күміс медаль иеленген. 2023 жылдың соңында ол спорттық азаматтығын ауыстырып, 2024 жылдан бері Венгрия намысын қорғап келеді.

Софиядағы 2026 жылғы Еуропа чемпионаты World Boxing ұйымының аясында алғаш рет өтіп жатыр.

.

Көп оқылды:

.
.