weather Астана: --°C
weather Алматы: --°C
weather Шымкент: --°C
.
Мәзір
Серіктестер
Бүгін, 00:00 / SportRoom / Күрес 9
Поделиться: WhatsApp Telegram Twitter Facebook

Хамзат Чимаев UFC-дің экс-чемпионымен белдеседі

Хамзат Чимаев RAF промоушені аясында америкалық Робби Лоулермен схватка өткізеді. Кездесу 23 қазанда Лас-Вегастағы RAF 14 турнирінің қосалқы басты жекпе-жегі болады.

Хамзат Чимаев UFC-дің экс-чемпионымен белдеседі Хамзат Чимаев UFC-дің экс-чемпионымен белдеседі
Sports.kz

UFC-де өнер көрсететін Ресей спортшысы Хамзат Чимаев RAF промоушені аясында UFC-дің бұрынғы чемпионы, америкалық Робби Лоулермен схватка өткізеді.

Бұл белдесу 23 қазанда АҚШ-тың Лас-Вегас қаласындағы Fontainebleau Las Vegas аренасында өтетін RAF 14 турнирінің қосалқы басты жекпе-жегі ретінде белгіленді. Кездесу аралық салмақ дәрежесінде өтеді.

Чимаевтың RAF лигасындағы соңғы схваткасы 18 қыркүйекте Атлантик-Ситиде өткен RAF 13 турнирінде болды. Ол кезде ол бразилиялық Гилберт Бернсты еркін күрес ережесімен жеңген еді.

Ал Чимаевтың UFC-дегі соңғы жекпе-жегі 9 мамырда Нью-Йоркте, «Мэдисон-сквер-гарден» аренасында өткен UFC 328 турнирінде өтіп, ол америкалық Шон Стриклендке төрешілердің бөлінген шешімімен есе жіберді.

.

Көп оқылды:

.
.