UFC-тің жартылай ауыр салмақтағы бұрынғы чемпионы, Польша өкілі Ян Блахович чех файтері, UFC-тің осы дивизиондағы экс-чемпионы Иржи Прохазкаға шақыру тастады.
«Иржи, бірге шайқасайық. Қазір немесе ешқашан», — деп жазды Блахович әлеуметтік желідегі парақшасында.
Прохазканың кәсіби рекорды — 32 жеңіс, 7 жеңіліс және 1 тең есеп. Оның 31 жеңісі мерзімінен бұрын аяқталған. Иржи UFC-дегі дебютін 2020 жылғы 11 шілдеде өткен UFC 251 турнирінде жасады.
Ал Ян Блахович кәсіби аралас жекпе-жек мансабын 2007 жылы бастаған. Оның қоржынында 29 жеңіс, 12 жеңіліс және 2 тең нәтиже бар, соның ішінде 9 рет мерзімінен бұрын жеңіске жеткен.