weather Астана: --°C
weather Алматы: --°C
weather Шымкент: --°C
.
Мәзір
Серіктестер
Бүгін, 00:10 / SportRoom / Жаңалықтар 4
Поделиться: WhatsApp Telegram Twitter Facebook

Жоламан Бигабыл Азиадада Қазақстанға үшінші алтын медаль сыйлады

Жоламан Бигабыл Нагояда өтіп жатқан Азия ойындарында каратэден алтын медаль жеңіп алды. Ол финалда өзбекстандық Хумоюнмирза Халимовты ұтты.

Жоламан Бигабыл Азиадада Қазақстанға үшінші алтын медаль сыйлады Жоламан Бигабыл Азиадада Қазақстанға үшінші алтын медаль сыйлады
Sports.kz

Қазақстандық Жоламан Бигабыл Жапонияның Нагоя қаласында өтіп жатқан Азия ойындарында каратэден алтын медаль иеленді.

55 келіге дейінгі салмақта бақ сынаған Бигабыл алдымен тәжікстандық Махсатулло Муминовты жеңді. Одан кейін индонезиялық Мұхаммад Жануардан басым түсті.

Шешуші кездесуде қазақстандық спортшы өзбекстандық Хумоюнмирза Халимовты ұтып, тұғырдың ең биік сатысына көтерілді.

Осылайша, бұл Қазақстан үшін бір күндегі әрі жалпы турнирдегі үшінші алтын медаль болды. Бұған дейін Рината Сұлтанова мен Алексей Луценко велоспортта чемпион атанған еді.

Азия ойындарында Қазақстан намысын 559 спортшы қорғайды. Жалпы жарысқа 11 мыңнан астам спортшы қатысып, 43 спорт түрі мен 71 дисциплина бойынша 469 медаль жиынтығы сарапқа салынады. Жарыс 4 қазанға дейін жалғасады.

.

Көп оқылды:

.
.