19-нан 20 қыркүйекке қараған түні Лос-Анджелесте (АҚШ, Калифорния штаты) аралас жекпе-жектен UFC 331 турнирі өтеді. Жарыстың басты жекпе-жегінде Мьянмадан шыққан Джошуа Ван мен Бразилия өкілі Алешандре Пантожа қолғап түйістіреді.
Тікелей трансляция Қазақстан уақытымен 02:00-де басталады. Жекпе-жектерді UFC-дің ресми сайтынан тамашалауға болады. Негізгі кард 06:00-де басталып, басты айқас шамамен 07:20-ға жоспарланған.
Джошуа Ван бұл кездесуге UFC-дің жеңіл салмақтағы чемпионы мәртебесімен шығады. Алешандре Пантожа дивизионның үздік файтерлер рейтингінде бірінші орында тұр.
Бұл қос қарсыластың реваншы болмақ. Олардың алғашқы жекпе-жегі желтоқсанда өтіп, небәрі 26 секундқа созылған еді: бразилиялық спортшы сәтсіз құлаудан кейін қолын сындырып алды, ал жеңіс Ванға берілді.