weather Астана: --°C
weather Алматы: --°C
weather Шымкент: --°C
.
Мәзір
Серіктестер
Бүгін, 00:00 / SportRoom / Бокс 10
Поделиться: WhatsApp Telegram Twitter Facebook

Алимханұлы мен Шираз жекпе-жегінің промоутерлік саудасында Queensberry жеңді

WBO міндеттеген чемпиондық айқасты өткізу құқығын Queensberry компаниясы ұтып алды. Жекпе-жек Хамза Шираз бен қазақстандық Жәнібек Әлімханұлы арасында өтуі тиіс.

Алимханұлы мен Шираз жекпе-жегінің промоутерлік саудасында Queensberry жеңді Алимханұлы мен Шираз жекпе-жегінің промоутерлік саудасында Queensberry жеңді
Sports.kz

Queensberry компаниясы Дүниежүзілік бокс ұйымының (WBO) екінші орта салмақтағы міндетті чемпиондық жекпе-жекке арналған промоутерлік саудасын ұтып алды. Бұл кездесуде әлем чемпионы британдық Хамза Шираз бен қазақстандық Жәнібек Әлімханұлы шаршы алаңға шығуы керек.

Queensberry тарапынан ұсынылған сома 1 001 809 доллар болды. Ал Top Rank компаниясы 820 000 доллар ұсынды.

Осылайша, британдық компания Шираздың Әлімханұлына қарсы міндетті титулдық қорғанысын ұйымдастыру құқығына ие болды. Бұған дейін WBO қазақстандық боксшыны екінші орта салмақтағы чемпиондық белбеуге міндетті үміткер етіп бекіткен еді.

Жекпе-жек өтетін орын ретінде әзірге Лондон, Бирмингем немесе Нью-Йорк қарастырылып отыр. Мүмкін күндердің қатарында 28 қараша мен 5 желтоқсан аталады.

Жәнібек Әлімханұлы соңғы ресми кездесуін 2025 жылғы сәуірде өткізіп, Астанада Анауэль Нгамиссенгені нокаутқа түсірген болатын. Қазір ол рингке қайта оралуға және екінші орта салмаққа дебют жасауға дайындалып жүр.

Хамза Шираз WBO белбеуін 2026 жылғы мамырда Алем Бегичті жеңгеннен кейін иеленді. Кейін ол бір мәрте титулын қорғап, шілдеде Симон Захенхуберді жеңді.

.

Көп оқылды:

.
.