Мәзір
16 қазан, 2024 / Admin / Хоккей

КХЛ: Липин бапкерлік жолын бастауы мүмкін

Хоккейден Қазақстан Ұлттық құрамасының және «Барыс» хоккей клубының экс-ойыншысы Александр Липин өскемендік «Торпедоның» бапкері атануы мүмкін,- деп хабарлайды dopmedia.kz

КХЛ: Липин бапкерлік жолын бастауы мүмкін КХЛ: Липин бапкерлік жолын бастауы мүмкін
shaiba.kz

38 жасар Александр ойыншы ретінде ұлттық құраманың қатарында жүріп Әлем чемпионатында және универисадаларда үш мәрте ел намысын қорғады. Осы күнге дейін хоккейші «Торпедо», «Ертіс», «Құлагер» және «Барыс» хоккей клубтарында өнер көрсеткен.

Айта кетейік, Липин өзінің ең соңғы клубы «Ертіс» сапында Қазақстан Чемпионатының негізінде 30 ойын өткізген болатын.