WBO нұсқасы бойынша екінші орта салмақтағы әлем чемпионы Хамза Шираз қазақстандық Жәнібек Әлімханұлымен өтетін міндетті жекпе-жекке байланысты жағдайға тоқталды. Британ боксшысы бұл айқасты қабылдайтынын жеткізді.
Шираздың айтуынша, ол әлі күнге дейін DAZN, Queensberry немесе Top Rank тарапынан ресми ұсыныс алмаған. Сондықтан жекпе-жек қазір промоутерлік саудаға шыққанын атап өтті.
«Олар бізге тиісті ақша үшін жұдырықтасатын кәсіби боксшылар екенімізді түсіндіріп отыр. Ұсыныс аздау болса да, қабылдаймыз. Бірақ бір сәт келеді, онда бұл ақша менің мансабымдағы ең ірі жекпе-жекке лайық сомаға жетпейді. Сонда оның мәні азаяды», — деді Шираз.
Ол чемпион ретінде мұндай айқас үшін әлдеқайда жоғары қаржы күтетінін де жасырмады. Дегенмен ұсыныс көңіл көншітсе, жекпе-жек өтуі мүмкін екенін айтты.
Шираз Жәнібек Әлімханұлының допинг-тесттегі қолайсыз нәтижесіне де тоқталып, мұндай жағдайлар қазір жеңіл кешірілетіндей көрінетінін жеткізді. Соған қарамастан, ол өз мансабына ден қоятынын айтты.
Еске салайық, өткен жылдың соңында Жәнібек Әлімханұлы мельдонийге тапсырған допинг-тесттен қолайсыз нәтиже көрсеткеннен кейін WBO оны бір жылға шеттеткен еді. Кейін ұйым қойған шарттар орындалған соң, бұл жаза мерзімінен бұрын тоқтатылды. Ал 2026 жылдың тамызында WBO қазақстандық боксшыны Хамза Шираздың екінші орта салмақтағы титулы үшін міндетті үміткер деп бекітті.