Россиялық спорт комментаторы Денис Казанский Қазақстан теннисшісі Елена Рыбакинаның US Open-2026 турниріндегі жеңісіне жоғары баға берді. Оның айтуынша, Рыбакина әйелдер теннисінде сирек кездесетін ерекше чемпиондардың бірі.
«Лена Рыбакина әйелдер теннисіндегі ерекше чемпион. Мұндай қиын жағдайда да сабырлы болып қалу, ал табыстың шыңында да сол қалпыңнан айнымай тұру — мұны қалай істейтінін түсінбеймін», — деп жазды Казанский.
Комментатор Рыбакинаның ойынында сыртқы эмоцияның аз болуы қарсыластарына да психологиялық қысым түсіретінін айтты. Оның пікірінше, финалда Арина Соболенко түрлі тәсіл қолданып көргенімен, Рыбакина ешқандай артық эмоцияға берілмей, өз ойынын жалғастыра берген.
Казанский қазақстандық теннисшінің ойынын чемпиондық мінездің көрінісі деп сипаттап, оны Штеффи Графтың ойын мәнеріне ұқсатты. Оның сөзінше, дәл қазір біз соған өте ұқсас құбылысты көріп отырмыз.
Елена Рыбакина үшін бұл — Үлкен дулыға турнирлеріндегі үшінші титул. Бұған дейін ол 2022 жылы Уимблдонда және 2026 жылы Australian Open додасында жеңіске жеткен.