weather Астана: --°C
weather Алматы: --°C
weather Шымкент: --°C
.
Мәзір
Серіктестер
Бүгін, 00:00 / SportRoom / Үлкен теннис 3
Поделиться: WhatsApp Telegram Twitter Facebook

Елена Рыбакина US Open финалында әлемнің 1-ракеткасы Арина Соболенкомен кездеседі

Қазақстандық теннисші Елена Рыбакина АҚШ ашық чемпионатының финалына алғаш рет шықты. Шешуші матч 13 қыркүйекке қараған түні Астана уақытымен 01:00-де басталады.

Елена Рыбакина US Open финалында әлемнің 1-ракеткасы Арина Соболенкомен кездеседі Елена Рыбакина US Open финалында әлемнің 1-ракеткасы Арина Соболенкомен кездеседі
Sports.kz

Қазақстанның бірінші ракеткасы Елена Рыбакина US Open-2026 турнирінің финалында әлемнің 1-ракеткасы, беларусь теннисшісі Арина Соболенкомен ойнайды. Кездесу 12-нен 13 қыркүйекке қараған түні өтеді.

Матчтың тікелей трансляциясы Астана уақытымен 01:00-де басталады. Шешуші ойынды тамашалау мүмкіндігі көрсетілген арнада қолжетімді болады.

Рыбакина US Open финалына алғаш рет жетіп отыр. Бұған дейін оның бұл турнирдегі ең жоғары нәтижесі төртінші айналымға дейін жету болған.

АҚШ ашық чемпионатының биылғы жарысында қазақстандық теннисші Теа Фродинді, Джессика Бусас Манейроды, Юлия Стародубцеваны, Наоми Осаканы, Чжэн Циньвэньді және Кори Гауффты жеңді.

Соболенко — US Open-нің қазіргі чемпионы. Ол бұл турнирде 2024 жылы да топ жарған. Финалға дейін беларусь спортшысы Камила Осорионы, Полина Яценконы, Камилла Рахимованы, Тейлор Таунсендті, Линда Носкованы және Джессика Пегуланы ұтты.

.

Көп оқылды:

.
.