weather Астана: --°C
weather Алматы: --°C
weather Шымкент: --°C
.
Мәзір
Серіктестер
Бүгін, 00:20 / SportRoom / Үлкен теннис 9
Поделиться: WhatsApp Telegram Twitter Facebook

Елена Рыбакина US Open жартылай финалында Гауффты ұтып, финалға шықты

Қазақстандық теннисші Елена Рыбакина АҚШ ашық чемпионатының жартылай финалында Кори Гауффты үш сетте жеңді. Осылайша ол турнирдің финалына жолдама алды.

Елена Рыбакина US Open жартылай финалында Гауффты ұтып, финалға шықты Елена Рыбакина US Open жартылай финалында Гауффты ұтып, финалға шықты
Sports.kz

Қазақстанның бірінші ракеткасы, WTA рейтингінде 2-орында тұрған Елена Рыбакина АҚШ ашық чемпионатының финалына шықты.

Жартылай финалда ол әлемнің 4-ракеткасы, америкалық Кори Гауффпен кездесіп, 3:6, 6:4, 6:4 есебімен басым түсті.

Рыбакина турнир барысында бұған дейін америкалық Тея Фродинді, испаниялық Джессика Бусас Манейроны, украиналық Юлия Стародубцеваны, жапониялық Наоми Осаканы және қытайлық Чжэн Циньвэньді жеңген болатын.

Бұл — Елена Рыбакинаның US Open жарысындағы ең үздік нәтижесі. Бұған дейін оның Нью-Йорктегі ең жақсы көрсеткіші өткен жылғы 1/8 финал еді.

.

Көп оқылды:

.
.