weather Астана: --°C
weather Алматы: --°C
weather Шымкент: --°C
.
Мәзір
Серіктестер
Бүгін, 00:20 / SportRoom / Үлкен теннис 9
Поделиться: WhatsApp Telegram Twitter Facebook

Кори Гауфф Рыбакинаның басты артықшылығын атады

Америкалық теннисші Кори Гауфф Елена Рыбакинаның қысымға қалай төтеп беретініне тоқталды. Ол қазақстандық спортшының эмоциясын сыртқа шығармай, маңызды сәттерде сабыр сақтайтынын айтты.

Кори Гауфф Рыбакинаның басты артықшылығын атады Кори Гауфф Рыбакинаның басты артықшылығын атады
Sports.kz

Әлемдік рейтингте 4-орында тұрған америкалық теннисші Кори Гауфф US Open-2026 жартылай финалында өзінен басым түскен Қазақстан өкілі Елена Рыбакинаның мінезі туралы пікір білдірді.

Рыбакина Гауффты 3:6, 6:4, 6:4 есебімен жеңіп, финалға жолдама алды. Матчтан кейінгі баспасөз мәслихатында америкалық спортшыға қарсыласының жергілікті жанкүйерлер қысымына қалай шыдас бергені жөнінде сұрақ қойылды.

Гауффтың айтуынша, Рыбакина сырт көзге салқынқанды көрінеді. Оның сөзінше, қазақстандық теннисші эмоциясын көп байқатпайды, ал бұл оның ойындағы үлкен артықшылықтарының бірі.

«Елена бір жағынан бәріне бейжай сияқты көрінеді. Олай демеймін, бірақ ол сезімін сыртқа шығармайды. Әрине, бәріміз де толқимыз. Тек ол эмоциясын қаншалықты бақылауда ұстай алады — мәселе сонда. Менің ойымша, оның күшті жағы да осы: оның не сезіп тұрғаны ешқашан білінбейді. Әрине, ол да адам, сондықтан уайымдайды, бәріміз сияқты эмоцияны бастан кешіреді. Бірақ, өзім айтқандай, ол мұндай жағдайларға талай тап болған, сондықтан қажетті тәжірибесі бар»

Еске салайық, финалда Елена Рыбакина Беларусь теннисшісі Арина Соболенкомен кездеседі. Кездесу қалай аяқталса да, US Open-2026 қорытындысы бойынша Рыбакина әлемнің жаңа бірінші ракеткасы атанады.

.

Көп оқылды:

.
.