Бұрынғы ресейлік теннисші, қазір тележүргізуші әрі комментатор Наталья Вихлянцева US Open турнирінде Елена Рыбакинаның Кори Гауффты 3:6, 6:4, 6:4 есебімен жеңуіне баға берді.
Ол бұл кездесудің қос спортшы үшін де өте ауыр өткенін атап өтті. Вихлянцеваның айтуынша, Гауфф өте қайсар теннисші, ал ойын тізгінін өз қолына алса, өз жоспары бойынша ойнауға тырысады.
— Еленаның соққы жылдамдығы мен қуаты туралы айтсақ, америкалық теннисшімен салыстыруға келмейді. Оның үстіне, Рыбакинаның өте мықты алғашқы подачи бар. Соңғы геймдерде Коко кері брейк жасай алды, бірақ қарсыласының қабылдауы кезінде Рыбакина допты өте терең түсіріп отырды, мұның өзі Гауффты кейде таңғалдырды. Қиын, бірақ Елена үшін өте маңызды жеңіс, — деді Вихлянцева.
Осы нәтижеден кейін Елена Рыбакина US Open финалына жолдама алды. Шешуші матчта ол Беларусь өкілі Арина Соболенкомен кездеседі.