Жапонияның Осака қаласында өткен Super RIZIN 5 турнирінің басты жекпе-жегінде қырғызстандық Раджабали Шайдуллаев пен америкалық Эй Джей Макки күш сынасты.
Полулегкий салмақта өткен бұл титулдық кездесу үш раундқа есептелген болатын. Кезігуде RIZIN мен PFL чемпиондық белбеуі сарапқа салынды, ал ол бұған дейін Шайдуллаевқа тиесілі еді.
Жекпе-жек қорытындысы бойынша төрешілер жеңісті қырғызстандық файтерге бір ауыздан берді. Сөйтіп, Раджабали Шайдуллаев кәсіпқой ММА-дегі 19-шы жеңісіне қол жеткізіп, чемпиондық атағын сәтті қорғады.
Ал Эй Джей Макки мансабындағы үшінші жеңілісіне ұшырады. Айта кетсек, ол бұған дейін қазақстандық Саламат Исбулаевпен кездесіп, оны төрешілер шешімімен ұтқан еді.