Қазақстандық ММА жауынгері Жұман Жұмабековтің келесі жекпе-жегі белгілі болды. Ол 19 қыркүйекте Алматыда өтетін NAIZA 85 турнирінде өнер көрсетеді.
Жұмабековтің қарсыласы – Үндістан өкілі Мохд «Виллан» Азахар. Бұл кездесу жеңіл салмақта Дворец спорта имени Балуана Шолака аренасында өтеді.
Жұмабековтің кәсіби рекорды – 17 жеңіс және 8 жеңіліс. Ол соңғы жекпе-жегін 4 шілдеде Алматыда өткен IBA Nomad 15 турнирінде өткізіп, бразилиялық экс-UFC файтері Диего Брандаодан мерзімінен бұрын жеңіліп қалған еді.
Азахар кәсіпқой бокста тәжірибесі бар спортшы. Оның қоржынында WBC Asian Continental және WBC India титулдары бар, сондай-ақ ол қатарынан жеті жеңіске жетіп, соның бесеуін нокаутпен аяқтаған.