Бразилиялық атақты футболшы Роналдиньо Италияның «Равенна» клубының сапына қосылды. Команда қазір Серия C-де өнер көрсетеді.
Келісімге маусым айында қол қойылған, ал 20 тамызда 46 жастағы бразилиялық футболшы Италияда жанкүйерлерге ресми түрде таныстырылды. Роналдиньо ойыншы ретінде ғана емес, клуб инвесторларының қатарына да енді.
«Жаңа түстер — сол баяғы күлкі. Доппен қайтадан би билеп, әдемі жаңа тарих жазуды тағатсыздана күтемін. Сиқыр басталсын!» — деді бразилиялық футболшы.
Ол Серия C-де ресми тіркеліп, «Равенна» сапында бір матч өткізуі мүмкін. Дегенмен Роналдиньо маусымдағы алғашқы ойынға, яғни «Реджанаға» қарсы кездесуге қатыспайды.
Футболшы сонымен бірге мансабындағы 300-голын соғуды қалайтынын жасырмады. Роналдиньоның соңғы ресми ойыны 2015 жылы «Флуминенсе» сапында өткен, ал мансабын аяқтағанын 2018 жылы жариялаған. Ол 2002 жылғы әлем чемпионы, Чемпиондар лигасының жеңімпазы және 2005 жылғы «Алтын доптың» иегері.
Бұған дейін ол «Пари Сен-Жермен», «Барселона» және «Милан» клубтарында ойнаған.