weather Астана: --°C
weather Алматы: --°C
weather Шымкент: --°C
.
Мәзір
Серіктестер
Бүгін / SportRoom / Футбол 19
Поделиться: WhatsApp Telegram Twitter Facebook

Месси Тевестің қоштасу матчына барады, Роналду қатыспайтын сыңайлы

Лионель Месси мен Криштиану Роналду Карлос Тевестің қоштасу кездесуінде бір командада өнер көрсетпейді. Роналдуның 20 желтоқсанда «Аль-Наср» сапындағы матчына байланысты шақыруды қабылдамауы мүмкін.

Месси Тевестің қоштасу матчына барады, Роналду қатыспайтын сыңайлы Месси Тевестің қоштасу матчына барады, Роналду қатыспайтын сыңайлы
Sports.kz

«Интер Майами» шабуылшысы Лионель Месси мен «Аль-Насрдың» форварды Криштиану Роналду Карлос Тевестің қоштасу матчында бір командада ойнамайтын болды.

Екі жұлдызға да Аргентина құрамасының бұрынғы шабуылшысы шақырту жіберген. Месси бұл ойынға қатысуға келісім бергенімен, Роналдуның шақырудан бас тартуы ықтимал.

Бұған себеп — 20 желтоқсанда «Аль-Наср» Суперкубоктың жартылай финалында «Аль-Холудпен» кездеседі. Дәл сол күні Тевес Буэнос-Айрестегі «Ла Бомбонера» стадионында қоштасу матчын өткізеді.

Тевес Мессимен 2005 жылдан 2015 жылға дейін Аргентина құрамасында бірге ойнаған. Ал Роналдумен ол «Манчестер Юнайтед» сапында 2007-2009 жылдары бір командада болған.

.

Көп оқылды:

.
.