weather Астана: --°C
weather Алматы: --°C
weather Шымкент: --°C
.
Мәзір
Серіктестер
Бүгін, 14:10 / SportRoom / Үлкен теннис 4
Поделиться: WhatsApp Telegram Twitter Facebook

Соболенкодагы дағдарыс Рыбакинаға WTA көшін басуға мүмкіндік берді

Испаниялық Marca Арина Соболенканың соңғы нәтижелерін дағдарыс деп бағалап, бұл WTA рейтингіндегі көшбасшының ауысуына жол ашуы мүмкін екенін жазды. Елена Рыбакинаның Цинциннатидегі сәтті өнері оны әлемнің бірінші ракеткасы болуға жақындатты.

Соболенкодагы дағдарыс Рыбакинаға WTA көшін басуға мүмкіндік берді Соболенкодагы дағдарыс Рыбакинаға WTA көшін басуға мүмкіндік берді
Sports.kz

Испаниялық Marca басылымы әлемнің бірінші ракеткасы Арина Соболенканың соңғы нәтижелерін дағдарыс ретінде сипаттап, оның WTA рейтингіндегі көшін жоғалту қаупі бар екенін жазды.

Мұндай пікірге беларусь теннисшісінің Цинциннати турнирінің 1/8 финалында әлемнің 35-ракеткасы Сара Бейлектен 6:7, 4:6 есебімен жеңілуі себеп болды. Бірінші сетте Соболенко тай-брейкте 5:1 есебімен алға шыққан мүмкіндігін ұстап тұра алмады, ал екінші сетте 4:1-ден кейін қарсыласына қатарынан бес гейм беріп қойды.

«Соболенконың дағдарысы WTA-дегі бірінші орнын қауіпке тіреді, ол бұл мәртебені 96 апта бойы сақтап келген», — деп жазады басылым.

Marca Соболенко 2026 жылы бірде-бір Үлкен дулыға турнирін ұта алмағанын да атап өтті. Сондай-ақ ол Канада мен Цинциннатидегі турнирлерде рейтингте өзінен әлдеқайда төмен тұрған қарсыластарына 1/8 финалда жол бергенін еске салды.

Бұл нәтиже Елена Рыбакинаға WTA рейтингінің бірінші сатысына көтерілу мүмкіндігін ашты. Қазақстан өкілі Цинциннати турнирінде финалға шықса, Соболенкодан көшбасшылықты тартып ала алады.

.

Көп оқылды:

.
.