weather Астана: --°C
weather Алматы: --°C
weather Шымкент: --°C
.
Мәзір
Серіктестер
Бүгін, 00:10 / SportRoom / Жаңалықтар 8
Поделиться: WhatsApp Telegram Twitter Facebook

Геннадий Головкин «Миротворец» базасына енгізілді

Қазақстандық Геннадий Головкин украиналық «Миротворец» сайтінің базасына қосылды. Ол қазір World Boxing ұйымын басқарады.

Геннадий Головкин «Миротворец» базасына енгізілді Геннадий Головкин «Миротворец» базасына енгізілді
Championat Бокс

Бұрын кәсіпқой бокста әлемнің біріктірілген чемпионы атанған, қазіргі таңда World Boxing ұйымының басшысы Геннадий Головкин украиналық «Миротворец» сайтының базасына енгізілді.

Головкинге қатысты бұл ақпарат оның кәсіби мансабы мен қазіргі қызметі аясында жария болды. Бұған дейін World Boxing ресейлік спортшыларға өз турнирлеріне ұлттық туы мен әнұранымен қатысуға рұқсат берген еді.

Геннадий Головкинге 44 жас. Ол 2004 жылғы Олимпиадада күміс медаль жеңіп алған. 2006 жылы кәсіпқой рингке шыққан қазақстандық боксшы 2010 жылы орта салмақта (72,6 кг дейін) әлем чемпионы атанып, 2015 жылы біріктірілген чемпион мәртебесіне қол жеткізді.

.

Көп оқылды:

.
.