weather Астана: --°C
weather Алматы: --°C
weather Шымкент: --°C
.
Мәзір
Серіктестер
Бүгін, 00:01 / SportRoom / Футбол 16
Поделиться: WhatsApp Telegram Twitter Facebook

«Барселона» Феррана Торрестің «ПСЖ-ге» ауысқанын ресми жариялады

«Барселона» әлеуметтік желідегі парақшасында шабуылшы Ферран Торрестің Париж «Сен-Жерменіне» ауысқанын хабарлады.

«Барселона» Феррана Торрестің «ПСЖ-ге» ауысқанын ресми жариялады «Барселона» Феррана Торрестің «ПСЖ-ге» ауысқанын ресми жариялады
Championat Футбол

«Барселона» клубы X әлеуметтік желісіндегі ресми парақшасында шабуылшы Ферран Торрестің француз «Пари Сен-Жермен» клубына ауысқанын жариялады.

Бұған дейін бұқаралық ақпарат құралдары 26 жастағы форвард үшін париждік клуб 50 миллион еуро төлейтінін хабарлаған болатын.

Торрес «Барселона» сапында 2022 жылдың қаңтарынан бері ойнап келді. Осы уақыт ішінде футболшы барлық турнирлерде 207 матчта алаңға шығып, 65 гол соғып, 23 голдық пас берді. Каталондық клуб құрамында Торрес үш мәрте Испания чемпионы атанып, Испания Суперкубогының және елдің Кубогының иегері болды.

Transfermarkt порталының мәліметінше, футболшының нарықтық құны 55 миллион еуроны құрайды.

.

Көп оқылды:

.
.