Әлемдегі үздік теннисші Арина Соболенко америкалық Time журналының қыркүйек айындағы шығарылымының мұқабасына шықты. Спортшы бұл жаңалықпен әлеуметтік желідегі парақшасында бөлісіп, фотосуретті жариялады.
Атап өткен жөн, бұл — Беларусь өкілінің Time журналы тарихындағы алғашқы мұқабасы болды.
Мұқабамен қатар жарияланған сұхбатында Соболенко кәсіби өмірі мен жеке басына қатысты терең тақырыптарды қозғады. Спортшы Наоми Осакадан жеңілгеннен кейін бастан кешкен эмоцияларымен ашық бөлісіп, Минскідегі балалық шағы мен қазіргі Флоридадағы тұрмысын салыстырды.
Сондай-ақ теннисші әкесінің қайтыс болуы, жарыстан кейінгі жүйкелік күйзелістермен күресу тәсілдері және болашаққа қатысты жоспарлары туралы да айтты.
Естеріңізге сала кетейік, жыл қорытындысы бойынша Соболенко ең көп табыс тапқан теннисшілердің бесеуінің қатарына кірді. 2025 жылдың шілдесінен 2026 жылдың шілдесіне дейінгі кезеңде оның жалпы табысы 35,9 миллион долларды құрады, оның 13,9 миллион доллары – жүлделі қаражат, ал 22 миллион доллары – жарнамалық келісімшарттардан түскен қаражат.