weather Астана: --°C
weather Алматы: --°C
weather Шымкент: --°C
.
Мәзір
Серіктестер
Бүгін, 00:01 / SportRoom / Үлкен теннис 8
Поделиться: WhatsApp Telegram Twitter Facebook

Рыбакина Цинциннатидегі WTA 1000 турнирінде миллион доллардан астам ұтыс үшін күреседі

Қазақстанның бірінші ракеткасы Елена Рыбакина мен әлемнің бірінші ракеткасы Арина Соболенко АҚШ-тағы Цинциннати турнирінде елеулі жүлде қорына таласады. Турнирдің жалпы қоры 7,4 миллион долларды құрайды.

Рыбакина Цинциннатидегі WTA 1000 турнирінде миллион доллардан астам ұтыс үшін күреседі Рыбакина Цинциннатидегі WTA 1000 турнирінде миллион доллардан астам ұтыс үшін күреседі
Sports.kz

Қазақстандық теннисшi Елена Рыбакина мен беларусьтік спортшы Арина Соболенко АҚШ-тың Цинциннати қаласында өтетін WTA 1000 турнирінде елеулі ақшалай жүлдеге таласады. Бұл туралы WTA баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарланды.

Әйелдер турнирінің жалпы жүлде қоры бұл жолы 7 433 076 долларды құрайды. Жеңімпаз теннисшi 1 085 220 доллар алады. Турнирдің негізгі кестесіндегі кездесулер 13 тамызда басталады.

Жүлде қоры келесі түрде бөлінеді: чемпион — 1 085 220 доллар, финалист — 564 920 доллар, жартылай финалшы — 297 315 доллар, ширек финалшы — 154 210 доллар, 4-айналым — 81 752 доллар, 3-айналым — 47 375 доллар, 2-айналым — 26 255 доллар, 1-айналым — 16 260 доллар.

Өткен маусыммен салыстырғанда әйелдер турнирінің жүлде қоры 44,2 пайызға өсті. Сонымен қатар, чемпион теннисшi ер адамдар турнирінің жеңімпазынан — 1 151 380 доллардан — тек аз ғана кем сома алады.

Рыбакина өткен жылы Цинциннатидегі турнирде жартылай финалға жеткен және сол кезде 206 100 доллар жүлде тапқан болатын. Осы жолғы жарысда да қазақстандық теннисшi чемпион атағының басты үміткерлерінің қатарында аталады. Әлемнің бірінші ракеткасы Соболенко да турнирдің фавориттеріне жатады.

.

Көп оқылды:

.
.