«Пари Сен-Жермен» клубы Франция құрамасының қорғаушысы Люка Диньнің ағылшындық «Астон Виллиден» ауысқанын ресми хабарлады. Футболшы парижлік клубпен 2029 жылдың жазына дейінгі мерзімге келісімшартқа отырды әрі енді командада 12-нөмірлі жейдемен ойнайды.
«ПСЖ-ге он жылдан астам уақыт бұрын алған тамаша тәжірибемнен кейін қайта оралу мен үшін үлкен құрмет. Клубтың осы жылдар ішінде қалай дамығанына айрықша риза болдым. Базадағы жағдай керемет деңгейде және клубтың амбициясын толық көрсетеді. Осы жаңа кезеңді бастап, барлық тәжірибемді команданың пайдасына жаратуға асығамын. Тағы да айтарым — ПСЖ-нің түсін қорғау үшін қолымнан келгеннің бәрін жасаймын», — деді Динь клубтың ресми сайтына берген сөзінде.
Өткен 2025/2026 маусымында Люка Динь «Астон Вилла» құрамында барлық турнирлерде 44 матчта алаңға шығып, жеті голдық пас берген болатын. Сондай-ақ ол 2026 жылғы әлем чемпионатында алты рет ойын минуттарын алды.
Атап өтетін жайт, Динь бұрын ПСЖ құрамасында 2013-2015 жылдар аралығында да ойнаған еді. Енді ол осы клубқа екінші рет оралып отыр.