weather Астана: --°C
weather Алматы: --°C
weather Шымкент: --°C
.
Мәзір
Серіктестер
Бүгін, 00:01 / SportRoom / Футбол 14
Поделиться: WhatsApp Telegram Twitter Facebook

«Барселона» Араухоны сатқаннан кейін жаңа қорғаушы іздейді

«Ливерпульге» ауысатын Рональд Араухоның орнын толтыру үшін «Барселона» трансферлік нарықта белсенді қимылдай бастады. Каталондықтар енді Аргентина құрамасының қорғаушысы Кристиан Ромероны нысанаға алды.

«Барселона» Араухоны сатқаннан кейін жаңа қорғаушы іздейді «Барселона» Араухоны сатқаннан кейін жаңа қорғаушы іздейді
Championat Футбол

Рональд Араухоның «Ливерпульге» ауысуы «Барселоның» трансферлік жоспарларын түбегейлі өзгертті. Каталондық клуб қорғаушыны ағылшын топбына сатып алу құқығы бар жалдау шартымен беруге келісім жасасты. Осыдан кейін «Барселона» басшылығы бұған дейін басым міндет санамаған қорғаушы позициясын толтыру үшін нарыққа шығуға мәжбүр болды.

Мәліметтерге сүйенсек, Араухоның кетуіне байланысты клуб басшылығы «Тоттенхэмнің» қорғаушысы, Аргентина құрамасының футболшысы Кристиан Ромероны сатып алу нұсқасын қайта қарастыра бастады. Ромероны алуға дейін «Интер» белсенді әрекет етіп келген, алайда ойыншыға деген негізгі бәсекелес — «Атлетико» клубы.

«Барселоның» осы күреске қосылуы «Атлетико» мен «Тоттенхэм» арасында аяқталуға жақын тұрған мәмілені бұзып жіберуі мүмкін екені атап өтілді.

Сонымен қатар, Араухоның кетуі каталондықтардың жалақы қорынан біраз орын босатады, себебі оның толық жалақысын енді «Ливерпуль» өз мойнына алады.

.

Көп оқылды:

.
.