weather Астана: --°C
weather Алматы: --°C
weather Шымкент: --°C
.
Мәзір
Серіктестер
Бүгін, 00:00 / SportRoom / Үлкен теннис 8
Поделиться: WhatsApp Telegram Twitter Facebook

Елена Рыбакина Торонтода екінші жеңісін тіркеді

Әлемдік рейтингте екінші орын иеленетін қазақстандық теннисші Елена Рыбакина Канадада өтіп жатқан WTA 1000 сериялы турнирде екінші матчін де жеңіспен аяқтап, 1/8 финалға жолдама алды.

Елена Рыбакина Торонтода екінші жеңісін тіркеді Елена Рыбакина Торонтода екінші жеңісін тіркеді
Sports.kz

Қазақстандық теннисші Елена Рыбакина Торонтода өтіп жатқан Canadian Open-2026 турнирінің үшінші кезеңінде америкалық Энн Лимен (рейтингте 31-орын) кездесіп, екі сетте есеп ашпай жеңіске жетті — 6:2, 7:5.

Осы жеңіспен Елена турнирдің 1/8 финалына жолдама алды. Бұл — Рыбакинаның Торонтодағы екінші жеңісі.

Айта кетейік, турнирдің бірінші кездесуінде Елена Рыбакина австралиялық Дарья Касаткинамен (рейтингте 61-орын) үш сетте өткен қиын матчта басым түсіп, 6:3, 5:7, 6:4 есебімен жеңіске жеткен болатын.

Бұл жылы Canadian Open турнирінің жүлде қоры 7 миллион 433 мың 76 долларды құрайды. Турнир жеңімпазы 1 миллион 85 мың 220 доллар алып, рейтингіне 1000 ұпай қосады.

.

Көп оқылды:

.
.