«РБ Лейпциг» клубының қанатты шабуылшысы, кот-д'ивуарлық Ян Диоманденің «Реал Мадридке» трансферіне қатысты негізгі мәселелер шешілді. Sky Sport журналисі Флориан Плеттенбергтің мәліметінше, футболшыны сатып алу үшін кепілдендірілген сома 125 миллион еуроны құрайды.
Егер шынайы қолжетімді бонустар ескерілсе, төлем көлемі 135 миллион еуроға дейін өседі. Ал ерекше күрделі шарттар орындалған жағдайда трансфердің жалпы құны 140 миллион еуроға жетуі мүмкін.
Қазір тараптар келісімнің соңғы кезеңінде тұр — қалған мәселелер шешілгеннен кейін ресми мәлімдеме жарияланады. Мәміледен түскен қаражаттың бір бөлігін футболшы бұрын ойнаған «Леганес» клубы да алады.
Диоманде «Лейпциг» түсіне 2025 жылдан бері шығады. 2025/2026 маусымында ол 36 кездесуге қатысып, 13 гол соғып, 10 аскəт жасады. Transfermarkt порталының деректері бойынша, футболшының нарықтық құны шамамен 90 миллион еуроны құрайды. Оның неміс клубымен қолданыстағы келісімшарты тағы төрт жылға есептелген.