Жеңіліссіз қазақстандық боксшы Жәнібек Алимханұлы жанкүйерлеріне арнаған сториcында мексикалық боксшы Сауль «Канело» Альваресқа қарсы жекпе-жек туралы ойын ортаға салды.
«Кейбір жанкүйерлерді Жәнібек «Канелоны» жеңе алады ма деген сұрақ мазалайтын сияқты. Егер «Канелоның» менімен жекпе-жекке шығуға дәті барса, қарапайым тілмен айтқанда, оны шайнамай жұтып қоятын едім! Тәкаппарлықтан Құдай сақтасын, бірақ мен сенімді түрде айтамын: мен өз деңгейімді де, оның деңгейін де жақсы білемін. Қазақтар әлсіз емес! Біз кәсіби боксте өз орны бар халықпыз», — деп жазды Алимханұлы.
Боксшы сонымен қатар өзін қолдап жүрген жанкүйерлеріне алғыс айтып, рингке қайта оралатынын мәлімдеді.
«Мені жанымда жүрген барша жанкүйерлерге зор алғыс білдіремін! Енді біз мүлдем басқаша қайтамыз. Біз орта салмақтан жоғары дивизиондағы күштер теңгерімін өзгертуге келдік!», — деп қосты Жәнібек.
Еске салсак, бұған дейін Алимханұлы орта салмақтан жоғары дивизионға көшетінін ресми түрде жариялады. Бұл дивизионда «Канело» мен Хамза Ширяз бокс шетінде шығады. Қазақстандық боксшы өзіне тиесілі WBO ұйымының орта салмақтағы дүниежүзі чемпионы белдігінен бас тартты, соның нәтижесінде ол жаңа дивизион рейтингінде екінші орынға қойылды.
Қазіргі уақытта Алимханұлы допинг сынағының позитив нәтиже бергеніне байланысты дисквалификация мерзімін өтеп жатыр. Оның жазасы 2026 жылдың желтоқсанында аяқталады.