weather Астана: --°C
weather Алматы: --°C
weather Шымкент: --°C
.
Мәзір
Серіктестер
Бүгін, 00:11 / SportRoom / Жаңалықтар 1
Поделиться: WhatsApp Telegram Twitter Facebook

ФИФА дағдарысы: Инфантино президенттік орнын сақтай ала ма?

ФИФА президенті Джанни Инфантиноға қатысты қысым күшейіп барады — жекеменшік инвестициялық компанияларға турнир үлестерін сатпақ болған жоспары УЕФА мен басқа да конфедерациялардың ашық наразылығына себеп болды.

ФИФА дағдарысы: Инфантино президенттік орнын сақтай ала ма? ФИФА дағдарысы: Инфантино президенттік орнын сақтай ала ма?
BBC Sport

ФИФА президенті Джанни Инфантиноның позициясы соңғы бірнеше күнде күрт әлсіреді. Ол ФИФА турнирлеріндегі үлестерді жекеменшік инвестициялық компанияларға сатуды жоспарлағаны белгілі болғаннан кейін, бұл шешім басқа ұйым мүшелерімен келісілмегені анықталды.

Инфантинога ең қатты қарсылықты УЕФА көрсетті. Еуропа футбол федерациясы Әлем чемпионатын қоса алғанда, барлық ФИФА турнирлерін бойкоттауы мүмкін екенін мәлімдеді. Сонымен қатар КОНКАКАФ конфедерациясы ФИФА басшылығына толық тексеру жүргізуді талап етті, ал Азия футбол конфедерациясының (АФК) бірқатар елдері де Инфантинодан бет бұрды.

Жағдайды одан әрі күрделендірген жайт — Инфантинаның ең жақын серіктестері, аға кеңесші Карлос Кордейро мен операциялық директор Кевин Ламур қызметтерінен бас тартты. Сенбі күні таңертең Инфантино жоспарынан бас тартқанын мәлімдегеніне қарамастан, УЕФА оған деген сенімін толықтай жоғалтқанын ресми түрде жариялады.

Сарапшылардың пікірінше, Инфантинаны қызметінен кетіру үшін бірнеше жол бар. Ең жылдам нұсқа — оның өз еркімен отставкаға кетуі, дәл Сепп Блаттер 2015 жылы жасағандай. Алайда Инфантино наурыз айында өтетін президенттік сайлауға дейін орнында қалуға тырысуы мүмкін.

ФИФА кеңесінің 37 мүшесінің 19-ы қолдаса, төтенше жиналыс шақырылуы мүмкін, бірақ мұндай жиналыс тек ұсыныс жасай алады — Инфантино оған қарсы шыға алады. Ал шынайы шешім қабылдау үшін 211 ұлттық федерацияның бестен бірі, яғни 43-і жазбаша түрде талап етсе, төтенше конгресс шақырылады. Мұндай конгресте сенімсіздік вотумын қабылдау үшін 106 дауыс қажет, ал бұл процесс кемінде екі-үш ай уақыт алады.

Осы уақыт ішінде Инфантино өз ықпалын қалпына келтіруге тырысады деп болжануда. Атап айтқанда, Катар мен Марокко елдері оны қолдайтынын мәлімдесе, Мысыр да жоспарынан бас тартқаны үшін оны мақтады. Дегенмен, егер ірі демеушілер ФИФАдан бас тартса, бұл Инфантино үшін одан да қауіпті жағдай туғызуы мүмкін — 2015 жылғы дағдарыс кезінде Sony, Emirates және басқа да компаниялар осылай әрекет еткен болатын.

Инфантино орнын ауыстыруға үміткерлер қатарында КОНКАКАФ президенті Виктор Монтальяни мен АФК басшысы шейх Салман бин Ебрахим Әл Халифаның есімдері аталып жүр. Алайда сарапшылар бұл дағдарыстың қалай аяқталатынын болжау әлі ерте деп есептейді.

.

Көп оқылды:

.
.