Халықаралық футбол федерациясы (ФИФА) әлем чемпионатын өткізу құқығын жеке инвесторларға "сату" жобасынан бас тартты. Бұл шешім UEFA және басқа да конфедерациялардың жобаға қарсы шыққанынан кейін қабылданды.
ФИФА президенті Джанни Инфантино FIFA Forward Enterprise жобасын іске асырудан бас тартатынын мәлімдеді. Аталған жоба турнирді ұйымдастыруға жеке инвесторларды тартуды көздеген болатын. ФИФА бұл жобадан 4 миллиард доллардан астам қаражат түсуін жоспарлаған, ал Инфантинонің өзі жеке бонустар алуы тиіс еді. Оған қоса, ол ФИФА-дағы президенттік мерзімі аяқталған соң осы жаңа компанияның басшысы болады деп күтілген.
Барлық пікірлерді мұқият тыңдай отырып, біз бұл жобаның қолдау деңгейіне қарамастан, бастапқы мақсатқа сай келмейтін дау-дамай тудырғанына көз жеткіздік. Біздің мақсатымыз әрдайым біріктіру және жетілдіру болды әрі солай болып қала береді. Сондықтан бұл ұсыныс әрі қарай дамытылмайды, — деді Инфантино.
Осылайша, әлем чемпионатын коммерцияландыруға бағытталған ауқымды жоба УEFA мен басқа конфедерациялардың бірлескен қарсылығынан кейін толықтай тоқтатылды.