Ұлттық құраманың жартылай қорғаушысы Аслан Дарабаев Аустрия – Қазақстан матчының ойын алды баспасөз мәслихатына қатысып, тілшілердің сауалдарына жауап берді.
Ұлттық құрамаға қайта оралғаныма қуаныштымын. Ұлттық құрама – мен үшін жауапкершілік. Жаңа ойыншылар шақырылып жатқаны да дұрыс қадам деп ойлаймын. Өйткені, ойыншылардың буын алмасу кезеңінен өтетін уақыты да келеді. Көңіл-күйім керемет. Ұлттық құрамаға тәжірибемді бөлісу арқылы көмектескім келеді.
Футболшылар үшін жаттығу кестесі қалыпты жағдай. Аустрияға алдын-ала келіп дайындалдық. Әр бапкердің дайындыққа қатысты өз әдісі бар. Тактикалық жаттығуларды бір пысықтап алдық. Ойын алды жаттығуды өткізіп, ертеңге ойында күресуге дайынбыз.
Тактикалық ойлар туралы айтпай-ақ қояйын. Қарсыластың ойлаған жоспарын жүзеге асырмау үшін барлығын жасаймыз. Ертең оңай ойын болмайтынын барлығы түсінеді. Қарсыластың допқа иелік етіп, прессинг жасайтынын жақсы білеміз. Ең бастысы салқынқандылық танытып, қарсыластың қаруын өздеріне қолдану қажет.
Айта кету керек, бүгін 10 қазан күні футболдан Қазақстан ұлттық құрамасы УЕФА-ның Ұлттар лигасындағы келесі қарсыласы Австриямен ойнайды.