Қазақстан құрамасының өкілі, әйелдер күресінен өнер көрсететін Айша Абдималик Азербайджанның Баку қаласында өтіп жатқан U-17 жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатының финалына жолдама алды.
Спортшы 65 келі салмақ дәрежесінде бақ сынауда. Жартылай финалда қазақстандық балуан Грекия өкілі Василики Каравануды сеніммен жеңіп, шешуші кезеңге шықты.
Финалда Айша Абдималикке Моңғолия өкілі Ариунул Болдбаатар қарсы шығады. Осы кездесудің жеңімпазы алтын медальдың иесі атанады.
Сондай-ақ 49 келі салмақ дәрежесінде өнер көрсетіп жатқан тағы бір қазақстандық балуан Аянат Мейнамбай қола медаль үшін күреседі. Оның бәсекелесі жұбату раундында анықталмақ.