weather Астана: --°C
weather Алматы: --°C
weather Шымкент: --°C
Мәзір
Серіктестер
18 мамыр, 2025 / SportRoom / Жаңалықтар 290
Поделиться: WhatsApp Telegram Twitter Facebook

«Спортинг» қатарынан екінші рет Португалия чемпионы атанды

Португалия чемпионатының соңғы - 34-ші турында лиссабондық клуб "Витория Гимарайншты" қабылдап, 2-0 есебімен жеңіске жетті. Ал екінші орындағы "Бенфика" сырт алаңда "Брагаға" қарсы ойында тең ойнап (1-1), ұпай жоғалтты. 

"Спортинг" қатарынан екінші рет Португалия чемпионы атанды "Спортинг" қатарынан екінші рет Португалия чемпионы атанды
Carlos Rodrigues

Чемпион болу үшін "Спортингке" жеңіс керек еді. Алаң иелері қанша шабуылдағанымен алғашқы таймда есеп ашылған жоқ. Екінші таймда лиссабондықтар шабуылды күшейтті. Ақыры "Спортинг" футболшылары 55-ші минутта алға шықты. Гол авторы - Педро Гонсалес. Ал сұрмерген Виктор Дьекереш ойын аяқталар тұста екінші голды соғып, қорытынды есепті тіркеді. Осылайша "Спортинг" 82 ұпаймен қатарынан екінші маусымда Португалияның чемпионы атанды. Екінші орындағы "Бенфиканың" еншісінде 80 ұпай бар. Ал "Порту" 71 ұпаймен үздік үштікті түйіндеді. 

Место вашей рекламы

Свяжитесь с нами для размещения баннера

Көп оқылды:

Место вашей рекламы

Свяжитесь с нами для размещения баннера

Место вашей рекламы

Свяжитесь с нами для размещения баннера