weather Астана: --°C
weather Алматы: --°C
weather Шымкент: --°C
Мәзір
Серіктестер
15 мамыр, 2025 / SportRoom / Жаңалықтар 316
Поделиться: WhatsApp Telegram Twitter Facebook

Жанкүйер жанайқайы: қызылордалық фанаттар «Қайсар» басшылығымен кездесуді талап етті

Премьер-лиганың 16-шы туры аясында қызылордалық "Қайсар" "Ақтөбені" қабылдап, 1-2 есебімен жол берді. Матчтан кейін жергілікті жанкүйерлер наразылық танытып, клуб басшылығымен кездесуді талап етті. 

Жанкүйер жанайқайы: қызылордалық фанаттар "Қайсар" басшылығымен кездесуді талап етті Жанкүйер жанайқайы: қызылордалық фанаттар "Қайсар" басшылығымен кездесуді талап етті
ҚФФ

"Қайсар" премьер-лиганы легионерсіз бастады. Клуб пен облыстық спорт басқармасының өкілдері осылайша жергілікті футболшыларға көбірек мүмкіндік берілетінін мәлімдеген.

Чемпионатта қызылордалық команда 9 ойын өткізді. 4 рет қарсыласпен тең түсіп ("Астана", "Қайрат", "Оқжетпес", "Жеңіс"), 5 мәрте жеңілді ("Ақтөбе", "Ордабасы", "Қызылжар", "Ақтөбе", "Елімай"). Қазір "Қайсар" 4 ұпаймен 12-ші орында келеді. Ал Қазақстан Кубогының 1/8 финалында "Қызылжарға" (1-0) есе жіберіп, жарыс жолынан шығып қалды.  

"Ақтөбемен" болған ойыннан кейін жанкүйерлер клуб өкілдеріне наразылығын білдірді. Фанаттар жергілікті ойыншыларды қолдайтынын, оларға сенетінін, бірақ биылғы нәтиже көңілден шықпайтынын мәлімдеді. Осыған байланысты белсенді жанкүйерлер клуб және облыстық спорт басқармасының өкілдерімен кездесуді талап етті. 

 

 

Место вашей рекламы

Свяжитесь с нами для размещения баннера

Көп оқылды:

Место вашей рекламы

Свяжитесь с нами для размещения баннера

Место вашей рекламы

Свяжитесь с нами для размещения баннера