Екі таймда да алматылықтар шабуылға көбірек ден қойды. Алайда құрамында бір де бір легионері жоқ қызылордалық футболшылар өз қақпаларын голдан аман алып қалды. 48-ші минутта ойынға араласқан "Қайраттың" жас шабуылшысы Дастан Сәтпаев та гол соға алмады. Қызылордада ұпай жоғалтқанымен алматылық команда 14 ұпаймен турнир кестесінде бірінші орында келеді. Алайда "Қайраттың" қарсыластарына қарағанда 1 ойыны артық. Ал фавориттен ұпай алған қызылордалық команда 3 ұпаймен 12-шi орынға жайғасты. Енді 6-шы турда "Қайрат" "Тобылды" қабылдайды. Ал "Қайсар" "Қызылжарға" қонаққа барады.