Чемпиондар лигасының финалдық кезеңі 2-4 мамыр аралығында өтеді. Жартылай финалда "Қайрат" Испанияның "Картахена" клубымен кездеседі. Екінші жұпта тағы бір испаниялық команда - "Пальма" Португалияның "Спортингімен" өзара мықтыны анықтайды. Қос матчтың жеңімпаздары финалда Кубокты сарапқа салады.
Алматылық клуб УЕФА Чемпиондар лигасының екі дүркін чемпионы. "Қайрат" 2013, 2015 жылдары қарсылас шақ келтірмей, турнирде топ жарды. Бұған дейін төртеудің финалына 11 мәрте шықты.
"Қайрат" - "Картахена" матчы 2-ші мамырда Астана уақыты бойынша сағат 21:00-де басталады.