Футзалдан Лигасы чемпиондар лигасының 1/8 финалына шыққан «Семей» мен украиналық «Атлетик» алғашқы матчқа арналған құрамдарын жариялады.
«Атлетик»: Мещеряков, Зингель, Выставной, Васильев, Щур — Купа, Таран, Файдор, Андре, Литвиновский, Калашник, Терентьев, Нагорный, Леви.
«Семей»: Кнейсс, Дедезиньо, Кандидо, Де Оливейра Гомес, Торрес — Игита, Пиялы, Есенаманов, Карбаев, Абдуманапулы, Педриньо, Фернан, Турсагулов.
Бірінші кездесу Молдованың Чореску қаласында өтеді және Қазақстан уақытымен 22:00-де басталады. Қарымта матч 5 желтоқсанда Семейде ұйымдастырылады.
Қазақстандық ұжым негізгі кезеңдегі тобында алты ұпай жинап, екінші орын алған соң плей-оффқа жолдама алған.