weather Астана: --°C
weather Алматы: --°C
weather Шымкент: --°C
Мәзір
Серіктестер
23 сәуір, 2025 / SportRoom / Жаңалықтар 352
Поделиться: WhatsApp Telegram Twitter Facebook

Осы аптада УЕФА президенті Астанаға келеді

Александер Чеферин 25-ші сәуірде Қазақстанға ұшып келеді. УЕФА басшысы Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаевпен кездеседі деп жоспарланған. 

Осы аптада УЕФА президенті Астанаға келеді Осы аптада УЕФА президенті Астанаға келеді
ҚФФ

ҚФФ президентінің кеңесшісі Нұрсұлтан Құрман SPORT+ арнасына берген сұхбатында Александер Чеферин бұған дейін Қазақстанға келгенін айтты. Ол кезде халықаралық ұйым басшысы "Қайраттың" академиясына барған. Ал Чефериннің бұл жолғы сапары ресми сипатқа ие болады. Әрі Қазақстан футболы күніне орайластырылды. 

ҚФФ президенті Марат Омаров ақпан айында Швейцарияның Ньон қаласына барып, УЕФА басшысымен кездескен.

"Кездесу қорытындысы бойынша УЕФА Қазақстан футболын дамытуға толық қолдау көрсететінін айқындады. Бұл инфрақұрылымды жақсарту, балалар мен жасөспірімдер футболын дамыту, ішкі чемпионаттардың деңгейін көтеру, инвестиция тарту және заманауи футбол технологияларын енгізу мәселелерін қамтиды" - деп жазылған ҚФФ таратқан хабарламада. Кездесуде Қазақстанда ірі еуропалық турнирлерді өткізу мүмкіндігі де талқыланды. ҚФФ елімізде Еуропа жастар чемпионатын және Алматы мен Астанада УЕФА Конференция лигасының финалын өткізу туралы ұсыныс жасады.

Марат Омаров Александер Чеферинді Қазақстанға ресми сапармен келуге шақырды. УЕФА басшысы бұл ұсынысты қабылдады. Астанаға сапары кезінде Александер Чеферин бірқатар спорт нысанын аралап көріп, балалармен кездеседі деп жоспарланған. 

Место вашей рекламы

Свяжитесь с нами для размещения баннера

Көп оқылды:

Место вашей рекламы

Свяжитесь с нами для размещения баннера

Место вашей рекламы

Свяжитесь с нами для размещения баннера