Есепті қызылжарлықтар ашты. 23-і минутта бразилиялық қорғаушы Матеус Барбоса нәтижелі соққымен көзге түсті. Бұған дейінгі 5 ойында жолы болмай келе жатқан атыраулықтар екінші таймда барын салды. Тіпті, 71-ші минутта Мирам Сапанов гол соғып, жергілікті жанкүйерлерді бір серпілтті. Алаң иелері шабуылды үдеткенімен, еш нәтиже шыққан жоқ. Ал 94-ші минутта атыраулықтардың қорғаушысы Гиорги Гадрани тәртіп бұзып, алаңнан қуылды. "Қызылжар" сан басымдығын сәтті пайдаланып, 96-шы минутта Дарко Зорич жеңіс голын соқты. Қорытынды есеп 1-2.