weather Астана: --°C
weather Алматы: --°C
weather Шымкент: --°C
Мәзір
Серіктестер
16 қазан, 2024 / Admin / Күрес 446
Поделиться: WhatsApp Telegram Twitter Facebook

Спорт деп жүріп жанұямнан жырақтап кеттім – Демеу Жадыраев

Балуан алдағы уақытта отбасына көңіл бөлетінін айтты

Спорт деп жүріп жанұямнан жырақтап кеттім – Демеу Жадыраев Спорт деп жүріп жанұямнан жырақтап кеттім – Демеу Жадыраев
olympic.kz. Суретте: Демеу Жадыраев

Грек-рим күресінен Париж Олимпиадасының күміс жүлдегері Демеу Жадыраев алдағы спорттық мансабына қатысты өз ойын айтты, деп Dopmedia.kz тілшісі Olympic.kz сайтына сілтеме жасап хабарлайды. 

Грек-рим күрес шебері Демеу Жадыраевтың айтуынша, ол өз болашағы туралы әлі нақты шешім қабылдамады. 

«Қазіргі бар уақытым отбасыма арналуда. Жаттығу, жарыс деп, жанұямнан үнемі жырақта жүрдім.

Үйге келіп, қайтадан жаттығуға жиналатынмын. Енді осы олқылықтың орнын толтырып, жақындарыма уақыт арнаудамын. 

Келесі Олимпиада туралы әлі ойланғаным жоқ. Спорттық мансабыма қатысты шешім қабылдамадым», – деді Демеу Жадыраев. 

Айта кетейік, Демеу Жадыраев грек-рим күресінен 77 кг салмақта Париж Олимпиадасының күміс жүлдегері атанды. 

Место вашей рекламы

Свяжитесь с нами для размещения баннера

Место вашей рекламы

Свяжитесь с нами для размещения баннера

Место вашей рекламы

Свяжитесь с нами для размещения баннера