Америкалық мәнерлеп сырғанаушы Илья Малинин Жапонияның Токио қаласында өтіп жатқан халықаралық Гран-при кезеңінде қысқа бағдарламада әлем рекордын жаңартты.
21 жастағы спортшының өнері 114,81 ұпайға бағаланды. Бұған дейінгі үздік нәтиже оның отандасы Нейтан Ченге тиесілі еді — ол 2022 жылғы Пекин Олимпиадасында 113,97 ұпай жинаған болатын.
Илья Малинин 2026 жылғы Олимпиадада командалық турнирдің чемпионы атанған. Сондай-ақ ол әлем чемпионатында үш мәрте топ жарды.
Америкалық мәнерлеп сырғанаушы жеке сайыста Гран-при финалын да үш рет жеңіп алған: 2024, 2025 және 2026 жылдары.
Малининге еркін бағдарламадағы әлем рекорды да тиесілі. Бұл көрсеткіш — 238,24 ұпай.