weather Астана: --°C
weather Алматы: --°C
weather Шымкент: --°C
.
Мәзір
Серіктестер
Бүгін / SportRoom / Күрес 25
Поделиться: WhatsApp Telegram Twitter Facebook

Галия Тынбаева Загреб Гран-приінде күміс жүлдегер атанды

Қазақстандық дзюдошы Галия Тынбаева Загребтегі Гран-при турнирінде италиялық Ассунта Скуттомен алтын жүлде үшін белдесті. Финалдық кездесуде қарсыласы басым түсіп, Тынбаева күміс медаль иеленді.

Галия Тынбаева Загреб Гран-приінде күміс жүлдегер атанды Галия Тынбаева Загреб Гран-приінде күміс жүлдегер атанды
Sports.kz

Қазақстандық дзюдошы Галия Тынбаева Хорватияның Загреб қаласында өткен Гран-при турнирінде 48 келіге дейінгі салмақта финалға дейін жетіп, италиялық Ассунта Скуттомен алтын медаль үшін бақ сынады.

Шешуші белдесу 12:1 есебімен италиялық спортшының пайдасына аяқталды. Осылайша, Тынбаева жарысты күміс жүлдемен тәмамдады.

Финалға дейін Галия Тынбаева италиялық Азия Аванцато мен испаниялық Эва Перес Солерді жеңді. Ширек финалда бразилиялық Наташа Феррейраны ұтса, жартылай финалда австриялық Жаклин Шпрингерді «юко» бағасының арқасында тізе бүктірді.

Ал Ассунта Скутто жартылай финалда Польшаның өкілі Виктория Шлензоктен басым түсті. Ол 2025 жылғы әлем чемпионы атанған.

Бұл Тынбаеваның Загребтегі Гран-при финалындағы екінші мүмкіндігі. Өткен жылы қазақстандық дзюдошы дәл осы турнирде күміс медаль алған еді.

.

Көп оқылды:

.
.