weather Астана: --°C
weather Алматы: --°C
weather Шымкент: --°C
.
Мәзір
Серіктестер
Бүгін / SportRoom / Күрес 28
Поделиться: WhatsApp Telegram Twitter Facebook

UFC Шавкат Рахмонов дивизионындағы екі көшбасшының жекпе-жегін жариялады

UFC жартылай орта салмақтағы екі үздік файтердің жекпе-жегін ресми түрде жариялады. Габриэл Бонфим мен Шон Брэди 2027 жылғы 24 қаңтарда Лас-Вегаста кездеседі.

UFC Шавкат Рахмонов дивизионындағы екі көшбасшының жекпе-жегін жариялады UFC Шавкат Рахмонов дивизионындағы екі көшбасшының жекпе-жегін жариялады
Sports.kz

UFC бразилиялық Габриэл Бонфим мен америкалық Шон Брэди арасындағы жекпе-жекті ресми түрде жариялады.

Бұл кездесу 2027 жылғы 24 қаңтарда Лас-Вегаста (АҚШ, Невада штаты) өтетін UFC Fight Night 297 турнирінде ұйымдастырылады. Қазір Шон Брэди UFC рейтингінде жартылай орта салмақта бесінші орында тұрса, Габриэл Бонфим алтыншы сатыда орналасқан.

Бұл салмақта қазақстандық Шавкат Рахмонов та өнер көрсетеді. Алайда ол жарақатына байланысты 2024 жылғы желтоқсаннан бері октагонға шыққан жоқ.

Рахмонов соңғы кездесуінде ирландиялық Иэн Гэрриді төрешілердің бірауыздан шығарған шешімімен жеңген еді. Оның көрсеткіші қазір 19-0 болып тұр.

.

Көп оқылды:

.
.