weather Астана: --°C
weather Алматы: --°C
weather Шымкент: --°C
.
Мәзір
Серіктестер
15 қараша, 2026 / SportRoom / Үлкен теннис 34
Поделиться: WhatsApp Telegram Twitter Facebook

Мирра Андреева WTA финалында Серена Уильямстың рекордын жаңартты

Мирра Андреева WTA қорытынды турнирінде алғашқы үш ойынын сет жоғалтпай ұтып, Серена Уильямстың жас рекордын жаңартты. 19 жастағы теннисші топта бірінші орын алып, жартылай финалға шықты.

Мирра Андреева WTA финалында Серена Уильямстың рекордын жаңартты Мирра Андреева WTA финалында Серена Уильямстың рекордын жаңартты
Sports.kz

Ресейлік теннисші Мирра Андреева WTA қорытынды турнирінде жаңа жас рекордын орнатып, Серена Уильямстың бұрынғы жетістігін жаңартты.

19 жас 193 күн болған Андреева жарыстағы алғашқы үш кездесуінде де сет жоғалтпай жеңіске жеткен ең жас ойыншыға айналды. Бұған дейінгі рекорд 2001 жылы Серена Уильямске тиесілі еді, ол кезде америкалық теннисші турнир басталған сәтте 20 жас 34 күн болған.

Андреева топтық кезеңде украиналық Элина Свитолинаны және беларусь Арина Соболенконы бірдей есеппен 6:4, 6:0 есебімен тізе бүктірді.

Соңғы матчта ол турнирден бас тартқан чехиялық Каролина Мухованың орнына шыққан отандасы Диана Шнайдерді жеңіп, топты бірінші орынмен аяқтады.

Енді Андреева жартылай финалда америкалық Джессика Пегуламен кездеседі. Бұл оның мансабындағы WTA қорытынды турниріндегі алғашқы жартылай финалы болмақ.

.

Көп оқылды:

.
.