Лига конференциясының жалпы кезеңінде алматылық «Қайраттың» келесі қарсыласы болатын «Мьельбю» Швеция чемпионатында «Броммапойкарнамен» тең ойнады.
8 қарашада Стокгольмде өткен 28-тур кездесуі 0:0 есебімен аяқталды.
Осы нәтиженің арқасында «Броммапойкарна» 35 ұпай жинап, турнир кестесінің 11-сатысына көтерілді. Ал «Мьельбюдің» еншісінде 28 ұпай бар, команда 12-орында тұр. Екі клуб та 28 матч өткізген.
Швеция чемпионатындағы келесі ойында «Мьельбю» 21 қарашада «Мальмёмен» кездеседі. «Броммапойкарна» болса 22 қарашада «Хальмстадқа» қарсы ойнайды.
26 қарашада «Мьельбю» Алматыда «Қайратпен» Лига конференциясының төртінші жалпы кезеңі аясында кездеседі.