weather Астана: --°C
weather Алматы: --°C
weather Шымкент: --°C
.
Мәзір
Серіктестер
Бүгін / SportRoom / Футбол 28
Поделиться: WhatsApp Telegram Twitter Facebook

Месси MLS тарихында қатарынан екі маусым «Алтын бутсыны» жеңген алғашқы ойыншы атанды

«Интер Майами» шабуылшысы Лионель Месси MLS тарихында қатарынан екі маусымның үздік сұрмергені атанған тұңғыш футболшы болды. Ол маусымды 26 голмен аяқтап, нәтижелі әрекеттері бойынша да лига көшін бастады.

Месси MLS тарихында қатарынан екі маусым «Алтын бутсыны» жеңген алғашқы ойыншы атанды Месси MLS тарихында қатарынан екі маусым «Алтын бутсыны» жеңген алғашқы ойыншы атанды
BBC Sport

Лионель Месси MLS тарихында қатарынан екі маусымда «Алтын бутсыны» иеленген алғашқы ойыншы атанды. «Интер Майами» шабуылшысы биылғы маусымда 31 матчта 26 гол соқты.

Ол бұл көрсеткішімен «Даллас» клубының шабуылшысы Петер Мусадан төрт голға, ал «Нэшвиллдің» ағылшын шабуылшысы Сэм Сардженттен бес голға озды.

Месси бұған дейін бұл марапатты 2024 жылы да алған еді. Осылайша ол MLS-те «Алтын бутсыны» екі рет иеленген небәрі алтыншы футболшы болды. Бұған дейін бұл тізімге, соның ішінде, «Чарльтон Атлетик» пен «Саутгемптонның» бұрынғы шабуылшысы Брэдли Райт-Филлипс те енген.

38 жастағы футболшы маусым барысында 17 нәтижелі пас беріп, жалпы 43 голға тікелей қатысу көрсеткішімен де лигада ең үздік нәтиже тіркеді. Бұл көрсеткіш бойынша ол қатарынан екінші жыл көш бастады.

Әлем чемпионы енді тағы бір тарихи межеге ұмтылып отыр. Ол Лэндон Донован атындағы MLS үздік ойыншысы жүлдесін үшінші рет жеңіп алған алғашқы футболшы болуға таласады.

«Интер Майами» шығыс конференциясында бірінші орын ала алмады. Команда Сэм Сардженттің «Нэшвиллінен» 17 ұпай кейін қалып, маусымды екінші орындар қатарында аяқтады.

Енді Майами ұжымы осы айдың соңында басталатын MLS плей-оффының бірінші айналымында «Коламбус Крюмен» үш ойыннан тұратын серияда кездеседі.

.

Көп оқылды:

.
.