weather Астана: --°C
weather Алматы: --°C
weather Шымкент: --°C
.
Мәзір
Серіктестер
Бүгін / SportRoom / Футбол 34
Поделиться: WhatsApp Telegram Twitter Facebook

«Динамо» соңғы сәтте жеңіп, РПЛ кестесінде көш бастады

Мәскеудің «Динамосы» 14-турда Воронеждің «Факелін» 2:1 есебімен ұтып, Ресей премьер-лигасының турнирлік кестесінде бірінші орынға көтерілді. Бақтиер Зайнутдинов жарақатына байланысты бұл матчқа қатысқан жоқ.

«Динамо» соңғы сәтте жеңіп, РПЛ кестесінде көш бастады «Динамо» соңғы сәтте жеңіп, РПЛ кестесінде көш бастады
Sports.kz

Мәскеудің «Динамосы» сырт алаңда Воронеждің «Факелімен» кездесіп, Ресей премьер-лигасының 14-туры аясындағы ойында 2:1 есебімен жеңіске жетті.

Кездесудің басы қонақтар үшін сәтті басталды: 3-минутта Даниил Фомин Бителлоның пасынан кейін есеп ашты. Алайда алаң иелері 12-минутта Вячеслав Якимовтың голымен таразы басын теңестірді.

Матчтың тағдыры қосымша уақытта шешілді. 90+1-минутта Константин Тюкавин Максим Осипенконың пасын голға айналдырып, «Динамоға» жеңіс сыйлады.

Бақтиер Зайнутдинов жарақатына байланысты өтінімге енген жоқ және бұл ойында алаңға шықпады.

Осы жеңістен кейін «Динамо» 31 ұпай жинап, РПЛ кестесінде бірінші орынға көтерілді. Келесі турда мәскеуліктер 22 қараша күні «ВТБ Аренада» «Краснодарды» қабылдайды.

.

Көп оқылды:

.
.