weather Астана: --°C
weather Алматы: --°C
weather Шымкент: --°C
.
Мәзір
Серіктестер
Бүгін / SportRoom / Күрес 19
Поделиться: WhatsApp Telegram Twitter Facebook

Нұрқожа Кайпанов әлемдік рейтингте үшінші орынға көтерілді

Астанада өткен әлем чемпионатындағы табыстан кейін Нұрқожа Кайпанов UWW-дің жаңартылған рейтингінде бірден жоғарылады. Ол 74 келіге дейінгі салмақта үздік үштіктің қатарына енді.

Нұрқожа Кайпанов әлемдік рейтингте үшінші орынға көтерілді Нұрқожа Кайпанов әлемдік рейтингте үшінші орынға көтерілді
Sports.kz

Қазақстандық еркін күрес шебері Нұрқожа Кайпанов Біріккен әлем күресі ұйымының (UWW) жаңартылған әлемдік рейтингінде айтарлықтай серпіліс жасады.

74 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде бақ сынайтын отандасымыз бірден 25 саты көтеріліп, қазір үшінші орында тұр. Оның еншісінде 48 400 ұпай бар. Кайпанов словак балуаны Таймураз Салказановты басып озды, оның қоржынында 45 480 ұпай болды.

Рейтингтің көшін 55 200 ұпаймен Ресей өкілі Иналбек Шерияев бастап тұр. Екінші орында 53 400 ұпай жинаған жапон балуаны Ёшиносукэ Аояги орналасқан.

Астана төріндегі 2026 жылғы әлем чемпионатында Кайпанов күміс медаль иеленді. Финалға дейін ол төрт қарсыласын ұтты: Косоводан Эгзон Хониді 10:0 есебімен, Әзербайжан өкілі Туран Байрамовты 4:0 есебімен, тәжікстандық Виктор Рассадинді 11:0 есебімен және жапониялық Ёшиносукэ Аоягиді 3:1 есебімен жеңді.

Шешуші белдесуде Нұрқожа Кайпанов Иналбек Шерияевке 4:10 есебімен есе жіберді. Осылайша ол Қазақстанның еркін күрес құрамасынан елордадағы әлем біріншілігінде финалға шыққан жалғыз балуан болды.

.

Көп оқылды:

.
.