Астанада өтіп жатқан еркін күрестен 2026 жылғы әлем чемпионатында америкалық балуан Кайл Снайдер алтын медаль иеленді. Ол 97 килограмм салмақ дәрежесіндегі финалда жапониялық Араш Йошидамен белдесті.
Шешуші кездесуде есеп 4:4 болды. Алайда соңғы ұпайды Снайдер алып, жеңісті өз пайдасына шешті. Йошида соңғы минутқа дейін 4:0 есебімен алда тұрғанымен, америкалық балуан соңында таразы басын өз жағына аударды.
Финалға дейін Снайдер ширек финалда ресейлік Абдулрашид Саудаловты 4:4 есебіндегі қосымша көрсеткіштер бойынша ұтты. Жартылай финалда ол поляк Збигнев Барановскийді 5:0 есебімен жеңді.
Ал Йошида жартылай финалда Бахрейн намысын қорғаған Ахмед Тажудиновты тушемен ұтқан еді. Бұл нәтиже оған әлем чемпионатының финалына шығуға мүмкіндік берді.
Снайдердің қоржынында бұған дейін 2016 жылғы Олимпиада алтыны және әлем чемпионаттарындағы төрт титул болған. Енді ол Астанадағы жеңісімен әлемнің бес дүркін чемпионы атанды.